QazIndustry өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау бойынша вебинар өткізеді

19 қыркүйекте QazIndustry цифрлық трансформацияға арналған кезекті вебинарын өткізеді. Бұл жолы түрлі саладағы заманауи кәсіпорындарға арналған SCADA-платформалары туралы сөз болады.

Бүгінде SCADA-платформалары мониторинг, басқару, техникалық қызмет көрсету, есеп беру және дашбордтарды құру мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл технологиялық процестерді оңтайландыруға және тұтастай алғанда кәсіпорын жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Вебинарда PcVue платформасын өндірістік желілерді, электрмен жабдықтау және инженерлік жүйелерді автоматтандыру үшін қолдану нұсқалары қарастырылады.

Вебинардың басталу уақыты – 15:00-де.

Вебинарға қатысу үшін https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfHmyx6DHBaUe-1lTByXzun52ql21VErtBJdHCFW3tmxphtUA/viewform?usp=header сілтемесі арқылы тіркелу қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: +7 771 244 8134 (Айжан Серікпаева).