Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіне салынған инвестициялар көлемі 4,5 есе өсім көрсетті. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.
«2025 жылғы қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласының негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 26,4 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 есеге артты», – делінген хабарламада.
Өсімнің негізгі үлесі Түркістан облысына тиесілі. Мұнда тоқыма бұйымдары өндірісіне 25,7 млрд теңге инвестиция салынып, оның 21,3 млрд теңгесі тоқыма өндірісіне бағытталған.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
|
2024 ж. қаңтар-шілде |
2025 ж. қаңтар-шілде |
Өсім динамикасы |
|
|
Жеңіл өнеркәсіп |
5 821,1 |
26 444,4 |
+4,5 раза |
|
Тоқыма бұйымдары өндірісі |
4 081,5 |
25 773,9 |
+6,3 раза |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ.