Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі

«QazIndustry» АҚ Комплаенс-қызметі 2025 жылдың 8 қазаннан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Шара мақсаты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ықтимал себептер мен жағдайларды анықтау және жою болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының іс-шараларын орындау аясында жүргізіледі.