Ағымдағы жылдың 12–14 қараша күндері Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде Қазақстанда алғаш рет пластмасса және химия өнеркәсібіне арналған халықаралық көрме Plastex Qazaqstan өтеді. Шара барысында пластмасса, резеңке, полимер және химиялық өнімдердің ірі өндірушілері, жеткізушілері мен тұтынушылары бір алаңда бас қосады.
Көрме барысында полимерлерді өңдеуге арналған заманауи технологиялар мен жабдықтар, өндіріс үшін қажетті шикізат пен материалдар, 3D және цифрлық құрылғылар, әртүрлі қалыптар, дайын өнімдер мен бөлшектер, сондай-ақ қайта өңделген материалдар ұсынылады.
Іс - шараны қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі-ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады.
Көрмеге Иран мен Қытайдан компаниялар қатысатынын растады, бұл жаңа жобаның халықаралық деңгейде қызығушылық тудырып отырғанын көрсетеді. Іс-шара бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар және ғылыми орта үшін өзара пікір алмасатын алаңға айналады. Компаниялар өздерінің жаңа әзірлемелері мен технологияларын көрсетіп, серіктестер мен клиенттер табуға, сондай-ақ инновациялық және «жасыл» шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік алады.
Қазақстандағы пластмасса және химия өнеркәсібінің дамуы әлемдік үрдістермен қатар, елдің өнеркәсіптік тәуелсіздігін арттыруға бағытталған стратегиялық мақсатымен де ұштасып отыр. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2024 жылы елімізде химия өнімдерінің өндірісі 9,5%-ға өскен, ал 2020 жылдан бері шығарылым көлемі 30%-дан астамға ұлғайып, бұл саладағы тұрақты өсімді және инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетуде.
Әлемдік нарықта тұрақты өсім көрсетіп отыр: Market Research Future болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай оның көлемі 750 млрд доллардан асады. Осыған байланысты Plastex Qazaqstan көрмесіне қатысу өз орнын нығайтып, жаңа өндірістік байланыстар орнатқысы келетін және халықаралық деңгейге шығуды көздейтін компаниялар үшін аса өзекті мүмкіндік болып табылады.
Көрме 12–14 қараша күндері Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында (№7–8 жаңа павильон) өтеді. Сілтеме арқылы алдын ала тіркелгендер үшін кіру тегін.
Қатысуға қатысты сұрақтар бойынша жоба жетекшісі Гаухар Бекмановаға хабарласуға болады, байланыс телефоны: +7 705 888 8819, e-mail: mailto:Gaukhar.Bekmanova@iteca.events.
