QazIndustry цифрлық модельдеу жөніндегі конференцияға қатысты

QazIndustry өкілдері тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібіндегі цифрлық тақырыбындағы конференцияға қатысты. Іс-шараны KazakhEngineering компаниясы сала мамандарына арнап, кез келген физикалық және инженерлік есептерді жоғары дәлдікпен шешуге мүмкіндік беретін ANSYS бағдарламалық қамтамасыз етуін таныстыру мақсатында ұйымдастырды. Өнімді ТМД және Орталық Азия бойынша Ansys компаниясының бизнесті дамыту директоры Павел Брук таныстырды.

Конференция аясында Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Дюсембаева Асель баяндама жасады. Ол өз сөзінде мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде сатып алынған цифрлық жабдыққа жұмсалған шығындарды өтеу тетігі туралы айтты.

«Цифрлық технологияларды пайдаланатын қазақстандық кәсіпорындардың үлесі 2022 жылғы 12,9 пайыздан 2024 жылы 19,2 пайызға дейін артты. Биыл бұл көрсеткішті 23 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Өнеркәсіптік интернет заттарын, Big Data, роботтық жүйелер мен цифрлық егіздерді енгізіп жатқан отандық кәсіпорындардың саны көбейіп келеді. QazIndustry технологиялық жаңғырту мен цифрлық шешімдерді енгізуге жұмсалған шығындардың 40–50 пайызына дейін өтемақы береді. Сонымен қатар, біз технологиялық аудит жүргіземіз. Оның нәтижесінде кәсіпорындар өз қызметінің ағымдағы жағдайына талдау жасап, ұсынымдар мен цифрландырудың жол картасын алады. Соңғы төрт жылда Орталық 80-нен астам орта кәсіпорынға цифрлық трансформация бойынша ұсынымдар әзірледі», – деді спикер.

А. Дюсембаеваның айтуынша, қыркүйек айында өнеркәсіп саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Құжатты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен (QazIndustry), Astana Hub және еліміздің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарымен бірлесіп әзірлеген. Жол картасында жасанды интеллектіні индустриялық секторда кеңінен қолдануға бағытталған бастамалар қамтылған. Олардың қатарында өңдеу салалары үшін салалық акселерациялық бағдарламаларды әзірлеу және өнеркәсіптік АІ-шешімдердің ұлттық базасын қалыптастыру сияқты шаралар кіреді