Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізу рәсімін түсіндіру және жаңа жүйенің артықшылықтарын көрнекі түрде көрсету мақсатында инфографика түрінде жадынамалар әзірленді.
«Реестрге тіркелудің 5 қадамы» атты жадынамада өтінім беруден бастап цифрлық мониторингке дейінгі әр кезең бойынша нұсқаулық берілген. Мұнда цифрлық верификация мен өндірісті бағалау қалай жүргізілетіні және реестрге енгізудің қандай мүмкіндіктер ашатыны көрсетілген.
Реестрдің артықшылықтары туралы жадынамада жаңа жүйенің кәсіпкерлер мен мемлекет үшін беретін тиімді тұстары көрсетілген.
Реестрге қатысты барлық қажетті ақпаратты ҚР ӨҚМ ресми сайтындағы «ҚТӨ тізілімі» бөлімінен табуға болады.


