Қазақстанда матрас өндірісі 50%-ға артты.

Матрас өндірісі 50%-ға артты. 2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында матрас шығару көлемі 126,1 мыңнан 188,1 мың данаға дейін өсті. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

«Мұндай жоғары көрсеткішке Шымкент қаласында өндіріс көлемін 149 есеге арттыру арқылы қол жеткізілді», – делінген хабарламада.

Шымкент қаласында матрас өндіретін негізгі кәсіпорындар «Elite Comfort», «Baia Holding», «Mebel Xomps kz» және басқа да компаниялар. Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша олар 30 619 дана матрас өндірген, ал өткен жылдың осы кезеңінде бар болғаны 206 дана ғана шығарылған.

 

 

Матрас өндірісінің көлемі, дана

 

 

қаңтар-тамыз

2024 жыл

қаңтар-тамыз

2025 жыл

өсім

ҚР

126 069

188 072

+50%

 Шымкент

206

30 619

+149 есе

 

Дереккөздер: ҚР СЖРА ҰСБ.