Тізілімді қалыптастыру аясында өндіріс шарттары талқыланды

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен QazIndustry орталығы қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастыруға арналған ZOOM форматында онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында өндіріс шарттары, сондай-ақ кәсіпорындарды тізілімге енгізу кезінде ескерілетін өндірістік және технологиялық операциялар мәселелері талқыланды.

Іс-шара ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Кошмамбетовтің бастамасымен ұйымдастырылды. Оған 300-ге жуық адам қатысты, олардың қатарында тауар өндірушілер, «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері болды.

Қатысушылардың сұрақтарына «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Қожахметов жауап берді. Ол қазіргі күнге министрлік тарапынан 2400-ден астам технологиялық операция әзірленгенін хабарлады.

«Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Біз бизнес өкілдерімен бірге операциялар тізімін түзетіп, нақтылап жатырмыз. Технологиялық операциялар кезең-кезеңімен жетілдіріледі. Өз тарапымыздан тауар өндірушілердің барлық ұсыныстары мен ескертулерін назарға аламыз», – деп атап өтті А. Қожахметов.

Айта кетейік, Тізілімді қалыптастыру үшін технологиялық операциялар Қазақстанда жұмыс істейтін барлық кәсіпорындардың деректер базасын құруға қажет. Бұл отандық өнеркәсіптің дамуына ықпал етіп, жергілікті өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, тізілімге енгізу тауар өндірушілер үшін ешқандай қаржылық шығынды қажет етпейді.

Ұйымдастырылған кездесу Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жобасын талқылау мақсатындағы өткен төртінші онлайн кездесу.

28 ақпанда қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жобасын талқылауға арналған кезекті Zoom-кездесу өтеді. Онда тізілімді қалыптастыру процесінің дәлдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылған салалық және апелляциялық комиссиялардың өкілеттіктері қарастырылады.

Барлық мүдделі тараптарды кездесуге қатысуға шақырамыз. Қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/95068268830?pwd=hwtjrrs3DaD366278BPxDjpLP4Iky9.1

Басталу уақыты – 17:00.