Құрметті отандастар!
Сіздерді Ұлттық мереке — Республика күнімен құттықтаймыз!
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды, бұл еліміздің тарихында жаңа кезеңнің басталуына жол ашты. Бұл күн Қазақстанның тәуелсіздігін және халқымыздың даму мен өркендеу жолындағы ұмтылысын білдіреді.
Баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке және жаңа жетістіктер тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, гүлдене берсін!
