Қазақстанда резеңке пневматикалық шиналар өндірісі 4,6 есе артты. 2025 жылғы қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 418,4 мың дана шина шығарылған, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ ТМК және химия саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
Мұндай өсімге Қарағанды облысындағы KamaTyresKZ зауытының іске қосылуының арқасында қол жеткізілді.
1-кесте. Резеңке пневматикалық шиналар өндірісі
|
Көрсеткіш атауы |
2024 ж. қаңтар–қыркүйек |
2025 ж. қаңтар–қыркүйек |
Өсу қарқыны |
|
Резеңке пневматикалық шиналар |
90,0 |
418,4 |
6,4 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ.