QazIndustry Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарымен цифрлық трансформация мәселелерін талқылады

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мамандары ALGARYTM GROUP IT-компаниясымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты — өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарына цифрлық технологияларды енгізуге жәрдемдесу және мемлекеттік ынталандыру шараларына қатысу мәселелері бойынша кеңес беру.

Жұмыс сапарының аясында мамандар өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. Олардың қатарында — «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Көпсалалы жабдықтар зауыты» ЖШС, «ВФ Поиск» ЖШС, «Радуга» ЖШС, С.М. Киров атындағы зауыт, «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС, «ЗИКСТО» ЖШС, «Мунаймаш» АҚ және «Nord Panels» ЖШС бар.

Кәсіпорын басшылығымен өткен кездесулерде өндірістік үдерістерді цифрландыру және автоматтандыру, технологиялық дамуды күшейту мәселелері, сондай-ақ QazIndustry жүзеге асыратын мемлекеттік ынталандыру шараларына қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Осы бағыттағы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кәсіпорындар үшін өндірістік процестерді оңтайландыру мен компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жеке цифрлық трансформация бойынша ұсынымдар әзірлеу мүмкіндіктері болады.

Айта кетейік, QazIndustry өндірістерді жаңғыртуға арналған цифрлық стратегияларды әзірлеу және енгізу қызметтерін ұсынады. Технологиялық үдерістерін цифрландыруды көздейтін өнеркәсіптік компаниялардың бұл қолдау түріне деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді.