QazIndustry өнеркәсіп саласында жасанды интеллектті қолдануға арналған вебинарлар сериясын өткізеді

Жасанды интеллект жаңа индустриалдық кезеңнің басты құралына айналып келеді. Өнеркәсіп жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Бүгінде ЖИ болашақтың технологиясы емес, кәсіпорындардың тиімділігін арттыратын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілеттілігін арттыратын нақты құралға айналды.

QazIndustry, осы жылдың қыркүйек айында қол қойылған 2025-2026 жылдарға арналған ірі кәсіпорындардың өндірістік процестеріне жасанды интеллекттің практикалық шешімдерін енгізу жөніндегі Жол картасы шеңберінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен өнеркәсіпте жасанды интеллектті қолдануға арналған вебинарлар сериясын өткізеді. Бұл вебинарларда AI технологияларын өндірісіне енгізіп жүрген жетекші сарапшылар, әзірлеушілер және кәсіпорын өкілдері бас қосады.

Алғашқы вебинар 7 қарашада «Жасанды интеллект өндірістегі жазатайым жағдайлардың алдын қалай алады және кәсіпорынның тиімділігін қалай арттырады» тақырыбында өтеді.

 

Қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет:  https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfHmyx6DHBaUe-1lTByXzun52ql21VErtBJdHCFW3tmxphtUA/viewform?usp=header немесе көрсетілген QR-кодты сканерлеңіз.