2025 жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша өзге көлік құралдары өндірісі саласына тартылған негізгі капитал инвестициялары 3,3 есеге өсіп, шамамен 44,5 млрд теңгеге жетті. Өсім 30,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы QazIndustry Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
«Бұл саладағы инвестициялардың көбеюі теміржол машина жасау бағытында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалармен байланысты», – делінген хабарламада.
Атап айтқанда, биыл Атырау облысында (Атырау) жүк вагондарын шығаратын өндіріс іске қосылды. Солтүстік Қазақстан облысында (Петропавл) платформа вагондары мен жолаушылар вагондарын өндіруге арналған жаңа цех жұмысын бастады. Ал Павлодар облысында (Екібастұз) ұсталық-бандаж кешенін құру жобасы жүзеге асырылып жатыр.