2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 150,5 млрд теңгеге өнімі өндірілді. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлайды.
«Өткен жылмен салыстырғанда өсім 6,8% құрады. Бұл көрсеткіш тоқыма өнімдері өндірісінің ұлғаюымен (+11,6%), былғары өнімдері өндірісінің (+8,3%) және киім өндірісінің артуымен (+0,4%) байланысты», – делінген хабарламада.
Жеңіл өнеркәсіп өнімі бойынша 2025 жылдың қаңтар–қыркүйегіндегі физикалық көлем индексі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,4% болды. ИФО өсімі тоқыма бұйымдары (115,8%) мен киім өндірісінде (102,2%) байқалады.
Бұл саланың өндірісі негізінен үш өңірде шоғырланған: Түркістан облысы, Шымкент қаласы және Алматы облысы. Түркістан облысында жеңіл өнеркәсіп республикадағы жалпы өндірістің 15,9%, Шымкент қаласында 14,1%, ал Алматы облысында 10,5% үлесті құрайды.
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ.