Обсудили вопросы цифровизации

QazIndustry өкілдері кезекті жұмыс сапарымен Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарға барды. Сапардың мақсаты өндірістік процестермен танысу және цифрландыру мәселелерін талқылау болды.

QazIndustry сарапшыларымен бірге Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері кәсіпорындарға барды.

Сапар барысында «КазАзот» АҚ, «Нафта Инжиниринг Казахстан» ЖШС, «Kazakhstan Pipe Threaders» ЖШС («Қазақстан Пайп Трэдэрс»), «Zhamal-ai LTD» ЖШС, «Жаңа құбыр технологиялары» ЖШС, «Достық Полимер плюс» ЖШС, «Ақтау полимер» ЖШС және «Ақтау құбыр өнімдері зауыты» ЖШС сияқты кәсіпорындарға барды.

Кездесулер қорытындысы бойынша мамандар өндірістің қазіргі автоматтандыру деңгейін талдап, жаңа технологияларды енгізуге кедергі болатын негізгі шектеулерді анықтады. Алынған мәліметтер аталған кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау жөніндегі ұсыныстардың негізі болып қызмет етеді және олардың жаңғыртылуын қолдауға арналған мемлекеттік шараларды әзірлеуге көмектеседі.