Қазақстанда өнеркәсіпке арналған отандық IT-шешімдердің алғашқы бірыңғай тізілімі іске қосылды

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен жаңа цифрлық құрал – өндіріс орындарын жаңғыртуға арналған үздік отандық технологияларды біріктіретін IT-шешімдер Тізілімін іске қосты.

Тізілімде сапаны басқару, өндірісті автоматтандыру, BPM-жүйелер, киберқауіпсіздік, сандық егіздер, IoT, SCM, AR/VR, электрондық құжат айналымы, корпоративтік оқыту және басқада бағыттар бойынша топтастырылған 70-тен астам IT-шешім қамтылған. Әр бөлімде өнімдердің сипаттамасы, олардың функционалдығы мен қолдану аясын қамтиды.

Ұсынылған шешімдердің қатарына бейне аналитика және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелері, сатып алулар мен қоймаларды басқару шешімдері, робототехникалық кешендер, болжамды талдау платформалары, виртуалды оқыту симуляторлары, Цифрлық кен орындары, ERP және MES жүйелері, бұлттық қызметтер және жасанды интеллект құралдары кіреді.

Тізілімнің пайда болуы нарықты анағұрлым ашық етеді және кәсіпорындарға қазақстандық өндірістерде әрі тиімділігі дәлелденген цифрлық құралдарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жоба өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыруды жеделдетуге, технологиялық тәуелсіздікті арттыруға және жергілікті IT-компаниялардың дамуын ынталандыруға бағытталған.

Тізілім үнемі жаңа шешімдермен толықтырылып отырады және өнеркәсіп пен IT-әзірлеушілердің бір-бірін таба алады және экономиканың жаңа даму бағыттарын қалыптастыра алатын алаңға айналды.

Қазақстанда өнеркәсіп үшін отандық IT -шешімдердің алғашқы бірыңғай тізілімі іске қосылды.

Өздерінің цифрлық шешімдерін енгізілген шешімдер тізіліміне қосқысы келетін IT-компаниялар мен әзірлеушілер өтінімдері мен материалдарын қарастыру үшін мына электрондық мекенжайға жібере алады: A.Akhtanova@qazindustry.gov.kz

 Анықтама телефоны: 8 707 819 97 01