2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылған. Бұл коммуналдық шаруашылық пен энергетика салалары үшін жергілікті материалдар мен жабдықтар өндірісін кеңейтуге ықпал етеді.
Қазақстандық өндірушілердің өнімін қолдану инфрақұрылымды табысты жаңғырту, жобалардың тиімділігін арттыру және ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды шарт болып табылады.
Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің деректеріне сәйкес, ұлттық жоба аясында табиғи монополия субъектілерінің 2026 жылға арналған жалпы қажеттілігі 11 468 тауар позициясын құрайды, оның жалпы құны – 439 млрд теңге.
2026 жылға арналған тауарларға деген қажеттіліктің толық тізімі мына сілтемеде орналастырылған:
https://docs.google.com/spreadsheets/d/1qM-0oQUvzrzUDKs_gSIYSRm2kJZTEF-uVPC75oktsLE/edit?usp=sharing.
