Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс өтті

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында «QazIndustry» АҚ Комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы кезекті дәріс өткізді. Іс-шараға экономика және қаржы, әкімшілік және құқықтық жұмыс орталықтарының, жергілікті қамтуды дамыту және мониторинг жүргізу,   ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құру жөніндегі, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекцияларының мамандары қатысты.

Дәріс қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Комплаенс-қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайын дәрістер өткізеді. Бұл іс-шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және ұжымда «нөлдік төзімділік» қағидатын нығайтуға бағытталған.