Industrial AI Acceleration 2025 бағдарламасын қорытындылайды

Астанада 2025-2026 жылдарға арналған ірі кәсіпорындардың өндірістік процестеріне жасанды интеллекттің практикалық шешімдерін енгізу жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде осы жылдың қазан айында іске қосылған Industrial AI Acceleration 2025 индустриялық акселерация бағдарламасының қорытындысы шығарылады.

Industrial AI Acceleration бағдарламасы ҚР Премьер-Министрінің тапсырмалары аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен QazIndustry және Astana Hub бірлесіп жүзеге асырылды. Жоба инновациялық жобалар мен шешімдерді қолдауға, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да корпоративтік серіктестердің өзекті міндеттерін шешу үшін инновацияларды ынталандырып, жаңа технологияларды дамытуға бағытталды.

Қорытынды іс-шара — Demo Day — аралық нәтижелерді таныстыру және әзірленген шешімдер көрмесі форматында ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында өтеді. Қонақтар компьютерлік көру жүйелерінен бастап өнеркәсіптік AI агенттеріне дейінгі дайын AI шешімдерімен танысып, өндіріс тиімділігін арттыруға арналған AI құралдарын бағалап, кәсіпорындарда пилоттық жобалардың қалай іске қосылып жатқанын көре алады.

Іс-шара Astana Hub алаңында, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/8 мекенжайында, С блогы, 4.6 (Event Hall, 1-қабат) өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://form.astanahub.com/form/view/241812