ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау тетігін іске асыру

«QazIndustry» АҚ қолдауымен биылғы қараша айында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кеңесі ЕАЭО ұлтүстілік тетігі аясында Ресей Федерациясы Қазақстан және Беларусь республикаларымен бірлесіп іске асыратын кооперациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады.

Жоба аясында ресейлік Жоба шеңберінде ресейлік «Қорған жол машиналары зауыты» АҚ қазақстандық «REIMANN» ЖШС өндірген құрамдас бөліктерді — гидравликалық цилиндрлерді, жоғары қысымды жеңдерді, сондай-ақ металл конструкцияларды пайдалана отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға (қоқыс таситын көліктерге арналған) және жол тазалауға арналған аспалы жабдықтар шығаратын болады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Экономикалық интеграция дирекциясы хабарлады.

«Сондай-ақ, желтоқсан айында Ресей Федерациясының «ВОЯЖ» ҮЕҰ» ЖШҚ және «Бештау Электроникс» ЖШҚ жүзеге асыратын дербес компьютерлердің жүйелік блоктарын өндіру және теміржол көлігіне арналған компоненттерді шығару бойынша тағы екі жоба мақұлданды», - делінген хабарламада.

Жобалар ЕАЭО-да алғашқылардың бірі болып іске асырылатын болады және олар Одаққа қатысушылардың бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік өндірістер құрудағы күш-жігерін біріктіру әлеуетін ескере отырып, бірлескен қаржыландыру арқылы жүзеге асады.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа қаржылық қолдау механизмі 2023 жылы ЕАЭО мемлекет басшылары тарапынан бекітілді. Бұл механизм кооперациялық өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыруды қарастырады және оны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджетіне арнайы, антидемпингтік және өтемақы алымдарынан түскен жалпы кірістің 10%-ы есебінен жүзеге асыру көзделген. Субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ұлттық банктердің негізгі мөлшерлемесінің 100%-ы көлемінде береді. Механизмге ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің даму институттары, екінші деңгейлі банктері, ЕАБР және Ресей–Қырғыз даму қоры қатыса алады. Қазақстаннан бұл бағдарламаға 11 банктік ұйым және 4 даму институты қатысады.

ЕАЭО бюджетінде 2026 жылы кооперациялық өнеркәсіптік жобаларды қолдауға 3,4 млрд рубль (шамамен 22,3 млрд теңге) қаржы қарастырылған. Келесі жылдары қаржыландыру баж түсімдеріне байланысты шамамен сол деңгейде сақталады. ЕЭК Кеңесі мақұлдаған жобаларға жыл сайын бес жылға дейінгі мерзімге 350 млн рубльге дейін (шамамен 2,3 млрд теңге) бөлінуі мүмкін.

Өтінімдерді тапсыру, қарау және бекіту рәсімдері туралы толығырақ Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 26 қазандағы №3 шешімімен бекітілген «Өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және мүше мемлекеттердің оларды іске асыру кезінде қаржылық қолдау көрсету ережесінде» танысуға болады.

QazIndustry өз тарапынан ЕАЭО алаңдарында оларды ілгерілету мақсатында отандық тауар өндірушілердің өтінімдерін дайындауда жан-жақты қолдау мен талдамалық-консультациялық көмек көрсетуді жалғастырады.