Жаңа ережелер жас кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейтеді және көбірек субъектілерді қамтиды

«Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы №308 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер шағын және орта бизнеске, әсіресе жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын күшейтуге және кәсіпорындардың қамту аясын кеңейтуге бағытталған.
       
Атап айтқанда, салық динамикасына қойылатын талаптар жеңілдетілді. Енді соңғы үш жылдағы салықтардың жыл сайынғы өсуі туралы талап жеті жыл ішінде тіркелген «жас» кәсіпорындарға (бұрын үш жыл) қолданылмайды. Бұл шара кәсіпорындардың өндірістік қуатқа шығу уақытын ескереді және мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті кеңейтеді.

Сонымен қатар, ережелерде «технологиялық жабдық» ұғымы нақты анықталған, бұл тауарларды тікелей өндіруге қатыспайтын қосалқы жабдық үшін өтемақы алу мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.

Өнімділікті арттырумен байланысты барлық шығын түрлері бойынша төлемдердің жалпы сомасы бір кәсіпорын үшін күнтізбелік жылы 60 млн теңгеден аспауы тиіс.

Ережеге енгізілген өзгерістер туралы толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028320    

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерлетуге кеткен шығындарын өтеумен «QazIndustry» Қазақстандық индусрия және экспорт орталығы айналысады. Бизнесті ынталандыру туралы барлық ақпарат сайтта орналастырылған: http://www.qazindustry.gov.kz Әр сейсенбі және бейсенбі күндері QazIndustry кеңсесінде (Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы) Ашық есік күндері өткізіледі. Сондай-ақ кеңес алу үшін +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 444) телефоны арқылы хабарласуға болады.