Алматыда KITME 2026 халықаралық көрмесі өтеді

Ағымдағы жылдың, 22–24 сәуір күндері Алматы қаласында KITME 2026 «Тоқыма және тігін өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар» атты алғашқы халықаралық көрме өтеді. Көрменің басты мақсаты озық жабдықтар, заманауи технологиялар, материалдар мен фурнитура жеткізушілерін тарту арқылы жеңіл өнеркәсіптің дамуына қолдау көрсету.

Көрме 15-тен астам елден келген қатысушылар мен сатып алушыларды біріктіріп, өндірушіден түпкілікті тұтынушыға дейінгі ең қысқа әрі тиімді байланысты ұсынады. Іс-шара аясында жеңіл өнеркәсіпті дамыту және саланың экспорттық әлеуетін арттыру мәселелеріне арналған сараптамалық пікірталастар, дөңгелек үстелдер мен арнайы сессиялар өтеді.

Көрмеде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған жабдықтар, маталардың барлық түрі, жіп пен фурнитура, өндірісті цифрландыруға арналған шешімдер, фабрикалардың дайын өнімдері, сондай-ақ экология, қалдықтарды қайта өңдеу және сапаны бақылау саласындағы инновациялық әзірлемелер таныстырылады.

Көрме Алматы қаласындағы «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында, Тимирязев көшесі, 42 мекенжайында өтеді.

Іс-шараға барлық мүдделі тұлғалар шақырылады. Бизнес өкілдері үшін бұл — жаңа жеткізу тізбектерімен танысуға, сенімді серіктестер табуға және инновациялық шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік.

Толық ақпарат пен тіркелу — https://kitme.kz/ru/ сайтында.