Ағымдағы жылдың, 29 қаңтарында Қазақстан Машина жасаушылар одағы өңірлік өкілдердің қатысуымен кеңес өткізді. Онлайн-кездесу барысында QazIndustry өкілі өңдеу өнеркәсібінің цифрлық трансформациясы және отандық кәсіпорындарда жасанды интеллектті енгізу жұмыстары туралы баяндама жасады.
Цифрлық трансформация дирекциясының өкілі Айнұр Ахтанова «цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану – Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын және экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі» екенін атап өтті. Сондай-ақ спикер Мемлекет басшысының экономиканың барлық саласына заманауи цифрлық технологияларды кең көлемде енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кәсіпорындардың цифрлық жетілу деңгейін арттыруға бағытталған QazIndustry қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды, олардың ішінде технологиялық зерттеулер жүргізу, цифрлық трансформация бойынша ұсынымдар әзірлеу, пилоттық жобаларды іске асыру және Индустрия 4.0 технологияларын тиімді енгізудің үлгісі ретінде модельдік цифрлық фабрикаларды дамыту жұмыстары бар.
Өндірістік процестердің тиімділігін арттыру, шығындарды қысқарту және өнеркәсіпте инновациялық экожүйе қалыптастыруды көздейтін 2025–2026 жылдарға арналған жасанды интеллектті енгізу жөніндегі Жол картасына ерекше назар аударылды. Бұл құжат 11 ірі кәсіпорында жүзеге асырылатын 41 жобаны қамтиды, оның ішінде машина жасау саласына бағытталған бастамалар да бар.
А. Ахтанова кез келген цифрлық трансформация кәсіпорын басшылығының белсенді қатысуын, өзгерістерге дайын болуды, сондай-ақ мемлекет, бизнес және IT-қоғамдастықтың бірлескен жұмысы қажет екенін атап өтті.
Қатысушылар ұсынылған ақпараттың практикалық маңыздылығын және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізудің өзектілігін атап өтті.
