ДНИ ОТКРЫТЫХ ДВЕРЕЙ - ПО ВТОРНИКАМ И ЧЕТВЕРГАМ

Бизнес және өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің назарына!

Аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өткізілетін Ашық есік күндеріне шақырамыз!

Ашық есік күндеріне дайын өнім өндіретін шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.

Кездесулер барысында мамандар QazIndustry ұсынатын кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру шаралары аясындағы шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша көрсететін қызметі, оған қалай дұрыс өтініш беру керектігі және өтінім беру кезінде қандай қателіктерге жол бермеу қажеттігі туралы кеңестер береді. Сондай-ақ, QazIndustry мамандары бұрын берілген өтінімдер бойынша жан-жақты ақпарат береді.

Ашық есік күндеріне Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы (5-ші қабат) мекенжайы бойынша QazIndustry кеңсесіне (сейсенбі және бейсенбі, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін; түскі үзіліс – 12.30-дан 14.00-ге дейін) келу арқылы қатысуға болады. 

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 793390, 793391, 793392, 793393 (ішкі +444) байланыс телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.