«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы өндірістік процестерді цифрландыру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жұмыстар аясында, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «2026 жылы еңбекті қорғау және жеке қорғаныс құралдары: айыппұлдардың орнына автоматтандыру» тақырыбында тегін вебинар өткізеді.
Вебинар 12 ақпанда онлайн форматта өтеді. Басталуы – сағат 15:00-де.
Іс-шара барысында 2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғауды бақылау жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ «1С: Қазақстан үшін еңбекті қорғау» цифрлық шешімдерін пайдалана отырып, жеке қорғаныс құралдарын есепке алу, медициналық тексерулер және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамаларды автоматтандырудың практикалық мүмкіндіктері қаралатын болады.
Қатысушыларға қағаз журналдар мен қолмен жүргізілетін құжат айналымын қолданбай-ақ, кәсіпорындарды тексеруге дайындаудың заманауи тәсілдері көрсетіледі.
Қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркеліңіз:
https://astana.1cbit.kz/school/events/530943/.
Вебинарға қатысты сұрақтар бойынша 8 707 819 97 01 нөміріне немесе A.Akhtanova@qazindustry.gov.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.
