ЕАЭО аясындағы кооперациялық жобаларды қаржылай қолдау жөнінде семинар өтеді

Өнеркәсіп пен қаржы ұйымдарының өкілдерін ЕАЭО аясындағы бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылай қолдаудың қолданыстағы тетігі туралы бизнес-қоғамдастықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

Семинар 3 наурызда ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтеді (басталуы – 10:00).

Іс-шараға қатысу қаржылай жәрдемдесу тетігінің қалай жұмыс істейтінін түсінуге және оны қолдануға қатысты практикалық сұрақтар бойынша түсініктеме алуға мүмкіндік береді.

Қатысу және қосылу сілтемесін алу үшін қатысушылардың мәліметтерін (аты-жөні, ұйымы, лауазымы, байланыс деректері) i.beisekeyeva@qazindustry.gov.kz электрондық поштасына жолдауыңызды және қатысатыныңызды +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 1049) нөмірі арқылы растауыңызды сұраймыз.