2025 жылы жеңіл өнеркәсіп саласына салынған инвестициялар 40 млрд теңгеге жетті

Жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2025 жылы 259,5 млрд теңгені құрады, бұл номиналды мәнде 2024 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне қатысты 22,6% - ға өсуді көрсетеді. Өсім тоқыма бұйымдарының өндірісінде (42%), былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде (1,1%), сондай-ақ киім өндірісінде (0,8%) байқалады. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Тоқыма өнімдерін өндіруде (+23,5%) барынша ұлғаю мынадай тауарлар бойынша болды: мақта, кардо - және тарақталған (53,8% - ға), киіз және киіз, оның ішінде жабыны бар, сіңдірілген немесе ламинатталған (23,9% - ға), тоқыма емес материалдар және киімнен басқа, тоқыма емес материалдардан жасалған бұйымдар (23,6% - ға) және т. б.

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісінде (+2,2%) мынадай тауарлар бойынша ұлғаю байқалады: ірі қара малдың терісінен немесе түгі алынған жылқы тұқымдас жануарлардың терісінен жасалған былғары (41,3% - ға).

Жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі $3 588,0 млн құрады, мұнда ОТП үлесіне 8,1%, импорттық өнімнің үлесіне 91,9% келеді. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша қазақстандық өңірлер арасында көшбасшылар өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ. Бұл Түркістан облысы (29,9%), Шымкент қаласы (11,7%), Алматы облысы (8,1%) және Ақмола облысы (7%).

2025 жылы жеңіл өнеркәсіп өнімінің экспортының көлемі $205,7 млн құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6% - ға төмен. Қазақстан үшін негізгі экспорттық нарықтар ТМД елдері болды. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері импортының көлемі $3 296,1 млн құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6% - ға төмен.

2025 жылы саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар 40 млрд теңгеге жетті, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе артық. Жалпы құны 24,3 млрд теңге болатын, 600-ден астам жұмыс орнын құрумен 13 жоба іске қосылды.