Ағымдағы жылдың 17 наурызында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнеске мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады?» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Іс-шара жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналды.
Кеңесшілер ретінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «QazIndustry» АҚ, «QazTrade», «Qazpatent» АҚ және Қазақстандық стандарттау және метрология институтының өкілдері шақырылды. Сарапшылар Қазақстандағы бизнесті қолдаудың негізгі шаралары туралы айтып берді.
«QazIndustry» отандық кәсіпорындардың шығындарын өтеу жөніндегі қызметтерін бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы Аида Әлшінбаева таныстырды.
«QazIndustry» екі негізгі бағыт бойынша бизнес шығындарының 40–50 пайызын өтейді: еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету. Өткен жылы қолдау құралдары кеңейтілді. Мәселен, қазіргі таңда мемлекет кәсіпорындарға басым тауарларды Қазақстан аумағында теміржол көлігімен тасымалдау шығындарының жартысын өтейді. Сонымен қатар, халықаралық сертификаттауға жұмсалатын шығындарды өтеу көлемі бес есеге ұлғайтылды», – деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, спикер мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін салықтық шарттар жеңілдетілгенін атап өтті. Кәсіпорын тіркелген сәттен бастап салықтарды міндетті түрде өсіру талаптарынан босату мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін ұзартылды. Бұл жас компанияларға салық түсімдерінің оң динамикасын талап етпестен өздерін нығайтуға мүмкіндік береді.
Шығындарды өтеу үшін өтінімді онлайн түрде qazindustry.gov.kz сайтындағы «Бизнеске ынталандыру» бөлімінде беруге болады.
Әр сейсенбі және бейсенбі күндері Астанадағы «QazIndustry» кеңсесінде (Қабанбай батыр даңғылы, 17) мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіруге арналған Ашық есік күндері өтеді. Сондай-ақ +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 444) нөміріне қоңырау шалып, кеңес алуға болады.
