2026 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша тығындар, қақпақтар, қалпақтар және тығындауға арналған басқа да бұйымдардың экспорты 2025 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4 есеге өсіп, 1,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының ТМК және химия саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
«Мұндай нәтиже экспорттың Өзбекстанға (+25,3 есе), Әзербайжанға (+4,1 есе), Ресейге (+93,6%) және Қырғызстанға (+88,8%) өсуінің арқасында мүмкін болды», – делінген хабарламада.
Тығындар, қақпақтар, қалпақтар және тығындауға арналған басқа да бұйымдарды экспорттау, мың $
|
Көрсеткіштің атауы |
2025 жыл қаңтар |
2026 жыл қаңтар |
Өсім |
|
тығындар, қақпақтар, қалпақтар және тығындауға арналған басқа да бұйымдар, соның ішінде: |
477,4 |
1 151,2 |
2,4 есе |
|
Қырғызстан |
162,1 |
306,0 |
+88,8% |
|
Әзірбайжан |
65,4 |
271,4 |
+4,1 есе |
|
Ресей |
111,0 |
214,9 |
+93,6% |
|
Өзбекстан |
8,4 |
212,1 |
+25,3 есе |
|
Тәжікстан |
120,0 |
99,0 |
-17,5% |
|
Моңғолия |
6,8 |
41,7 |
+6,1 есе |
|
Армения |
3,8 |
6,0 |
+57,5% |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК.
