QazIndustry-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған дәріс өтті

Ағымдағы жылдың 31 наурызында «QazIndustry» АҚ Комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын орындау мәселелері бойынша кезекті дәріс өткізді.

Дәріске ақпараттық қауіпсіздік қызметінің, әкімшілік-құқықтық жұмыс орталығының, цифрлық трансформациялау дирекциясының, ақпараттық технологиялар дирекциясының, жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясының, деректерді талдау және өңдеу дирекциясының, сондай-ақ ТМК және химия саласын дамыту дирекциясының қызметкерлері қатысты.

Комплаенс-қызметінің директоры Қанат Макуш квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын болдырмаудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі қағидаларын түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Комплаенс-қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайын дәрістер өткізеді.

Олардың мақсаты – қызметкерлерде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қызметтік міндеттерді орындау кезінде этикалық нормаларды қатаң сақтауды қамтамасыз ету.