Қазақстанда автокөлік өндірісі 36%-ға артты

2026 жылдың алғашқы екі айында Қазақстанда шамамен 26 мың жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36%-ға жоғары. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

«Өндіріс көлемінің артуы Алматы қаласында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan және Қостанай облысында Kia Qazaqstan жаңа зауыттарының іске қосылуымен байланысты», – делінген хабарламада.

         Айта кетейік, Қазақстанның автомобиль жасау саласы қарқынды дамып келеді. Өткен жылы салаға шамамен 200 млрд теңге инвестиция тартылып, көрсеткіш одан бір жыл бұрынғы деңгейден 8%-ға жоғары болды.