«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы Басқарма төрағасының м.а. Әділет Бектембаев және Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің президенті Ернұр Құлажанов тараптар атынан ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат ғылым, білім және экономиканың нақты секторы арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ білікті кадрлар даярлауға бағытталған.
Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмысты жүзеге асыруға дайын екендерін білдіріп, алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

