QazIndustry мен IMBC қазақстандық тауар өндірісін дамыту бойынша бірлескен бастамаларды талқылады

2026 жылғы 6 сәуірде QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы мен IMBC компаниясының өкілдері қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша алдағы қадамдарды айқындады.

Ынтымақтастықтың басты мақсаты - қазақстандық тауар өндірісін дамытуға серпін беру, сондай-ақ өнімдер мен жобалардағы ішкі құн үлесін арттыру.

Қатысушылар отандық өндірушілерді қолдау, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елішілік құндылық үлесін ұлғайту үшін бірлесе жұмыс атқарудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыру және қойылған міндеттерді іске асырудың нақты тетіктерін пысықтау туралы келісті.