2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда түрлі-түсті теледидарлар өндірісі 5,7 есеге артты. Егер 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 9 872 бірлік шығарылса, биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 56 598 бірлікке жетті. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.
Елдегі түрлі-түсті теледидарлардың негізгі өндірушілері – Қарағанды облысының Саран қаласында әлемдік Artel және Samsung брендтерінің теледидарларын шығаратын «Silk Road Electronics Co., Ltd.» компаниясы, сондай-ақ Алматы қаласында Xiaomi брендіне тиесілі теледидар өндірісіне маманданған «DS Multimedia CA» компаниясы болып табылады.
