QazIndustry қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтайды

QazIndustry ұжымы баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтайды!

Бұл мереке қайсарлық пен батылдықты, жоғары патриотизм мен ерік-жігерді, сондай-ақ еліміздің егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің маңызды рөлін айшықтайды.

Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт аспан, бақ-береке және табыс тілейміз!