QazIndustry өкілдері Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізеді

19 мамыр күні Алматы қаласындағы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында QazIndustry өкілдерінің Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесуі өтеді.

Мамандар QazIndustry қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары, сондай-ақ Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу тәртібі туралы ақпарат береді.

Кездесу барысында кәсіпкерлер сауалнамаға қатысып, өнеркәсіптік саясатты және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдіре алады.

Сонымен қатар, индустриялық дамуды бағалау және мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау шеңберінде QazIndustry өкілдері Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпорындарына баруды жоспарлап отыр.

Кездесу сағат 11.00-де Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы (Әйтеке би көшесінің қиылысы), 79 (1-қабат, №1 конференция залы) мекенжайы бойынша өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 708 591 97 85 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, QazIndustry отандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын сауалнамаға қатысуға шақырады. Оның қорытындысы индустриялық дамуды бағалау және еліміздегі өнеркәсіп саласының жағдайы мен  Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы әзірленетін Ұлттық баяндаманы қалыптастыруға негіз болады. Ол үшін төмендегі онлайн-сауалнаманы толтыру қажет: