«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы №281 бұйрығымен Гумаров Эльдар Мұхтарұлы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды.

Эльдар Гумаров 1988 жылғы 14 қарашада дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (KIMEP) «Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары KPMG Tax and Advisory құрылымында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобында қызмет атқарған. Сондай-ақ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ мен «Транстелеком» АҚ-да басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Тағайындалғанға дейін «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы әрі тәуелсіз директоры қызметін атқарды.