QazIndustry және IMBC мұнай-газ саласына арналған өнімдерді сертификаттау және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша вебинар өткізеді

2026 жылғы 22 маусымда сағат 15:00-де (Астана уақыты бойынша) Zoom форматында мұнай-газ саласына арналған өнімдерді сертификаттау және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша онлайн-вебинар өтеді.

Отандық тауар өндірушілерді вебинарға қатысуға шақырамыз.

Іс-шара барысында қатысушыларға мұнай-газ саласына арналған өнімдерге қойылатын сұранысқа ие сертификаттар, ірі операторлардың жеткізушілерге қоятын талаптары, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде сертификаттау шығындарын өтеу тетіктері туралы ақпарат ұсынылады.

Вебинар бағдарламасы:

• IMBC қызметінің таныстырылымы;

• мұнай-газ саласы үшін өнімдерді сертификаттау және ірі операторлардың талаптарына шолу;

• QazIndustry қызметі туралы ақпарат;

• мемлекеттік қолдау шаралары;

• Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі;

• сұрақ-жауап сессиясы.

Zoom сілтемесі: https://zoom.us/j/96963724586?pwd=hewfhtIchydiJqBNbK9QyIRHLmRDaL.1

Конференция идентификаторы: 969 6372 4586

Қосылу коды: 383702