QazIndustry жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күнiмен құттықтайды

Құрметті әріптестер, серіктестер және жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері!

QazIndustry сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күнімен құттықтайды!

Жеңіл өнеркәсіп – ел экономикасының маңызды салаларының бірі әрі өнеркәсіптің тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан бағыт. Бүгінде сала қарқынды дамып, өндірістер жаңғыртылуда, заманауи технологиялар енгізіліп, өнім түрлері кеңейіп, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі артып келеді.

Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!