QazIndustry қызметкерлері үшін кезекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өткізілді

26 маусым күні QazIndustry комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының сақталуы мәселелері бойынша кезекті тоқсан сайынғы дәріс өткізді. Іс-шараға Әкімшілік және құқықтық жұмыс орталығының, химия өнімдерін дамыту, цифрландыру және трансформация, ел ішіндегі құндылықты дамыту, индустриялық саясат, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау, машина жасау саласын дамыту, жобаларды мониторингтеу және талдау, сондай-ақ мемлекеттік ынталандыру шаралары дирекцияларының қызметкерлері қатысты.

Комплаенс қызметінің басшысы Қ. Макуш дәріс барысында қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарымен таныстырып, квазимемлекеттік сектордағы мүдделер қақтығысының алдын алудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Айта кетейік, QazIndustry-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы дәрістер тоқсан сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға және қызметтік міндеттерін орындау барысында әдеп қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.