QazIndustry Қостанай облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу өткізеді

29 шілде мен 1 тамыз аралығында QazIndustry өкілдері Қостанай облысына барады. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – өңірдегі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі жағдайы мен әлеуетін зерделеу, бизнеске мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру, іскерлік кездесулер өткізу, сондай-ақ бизнес өкілдерінің мемлекеттік өнеркәсіп саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен өтініш-тілектерін жинақтау.

Іссапар аясында QazIndustry мамандары машина жасау, құрылыс материалдарын және жиһаз өндіру, металл өңдеу және тамақ өнеркәсібі салаларындағы бірқатар кәсіпорынға барады. Онда өндірістік қуаттармен, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен, даму перспективаларымен және өндірістің одан әрі өсуіне кедергі келтіретін мәселелермен танысады. Жиналған ақпарат өнеркәсіп саясатының құралдары мен бизнесті мемлекеттік ынталандыру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу барысында пайдаланылады.

Сонымен қатар, 1 тамыз күні Jańa Dala / Green Day 2026 халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясы аясында QazIndustry мамандары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қостанай облыстық филиалының алаңында өңірдің өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу өткізеді. Кездесу барысында QazIndustry қызметінің негізгі бағыттары таныстырылып, мемлекеттік ынталандыру шараларының негізгі тетіктері түсіндіріледі. Сондай-ақ кәсіпорындардың өзекті мәселелері мен өнеркәсіп саясатын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша WhatsApp арқылы +7 708 591 97 85 нөміріне хабарласуға болады.