QazIndustry сарапшылармен бірге құрылыс материалдарын өндіруді дамыту мәселелерін талқылады

QazIndustry кеңсесінде отандық құрылыс материалдары индустриясының өзекті проблемалары мен перспективаларына арналған кездесу өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗІ), Құрылысшылар қауымдастығының, Жылу оқшаулау материалдарын өндірушілер қауымдастығының және басқа да бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар құрылыс секторы мен сабақтас салаларға әсер ететін негізгі мәселелерге ерекше назар аударды: аумақтарды кешенді дамыту, тұрғын үй және әлеуметтік құрылыс, өнімнің сапасы, қауіпсіздігі мен сертификатталуы, сондай-ақ техникалық реттеудің өзекті проблемалары.

Жиын барысында QazIndustry құрылымында жеңіл, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру салаларын үйлестіретін арнайы дирекция жұмыс істейтіні атап өтілді. Дирекция сарапшылары салалардағы ағымдағы жағдайды зерттеп, жүйелі проблемаларды, тәуекелдер мен кедергілерді анықтайды, сондай-ақ оларды шешу жолдарын іздестіреді.

Мұндай кездесулер өңдеу өнеркәсібінің түрлі секторларындағы проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын табу үшін даму институттарының, сарапшылар қоғамдастығының және бизнестің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.