10-15 тамыз аралығында QazIndustry өкілдері жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына барады. Сапардың мақсаты - өңірлердегі өңдеу өнеркәсібінің қазіргі жағдайын зерделеу, кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізу және мемлекеттік өнеркәсіп саясатын жетілдіруге жәрдемдесу үшін ұсыныстар жинау.
Жұмыс сапары аясында сарапшылар өңдеу және тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарын, құрылыс материалдарын, медициналық жабдықтар мен жиһаз өндірушілерді, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын аралайды. Сапар барысында өндірістік қуаттылықтармен, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен, даму перспективаларымен танысу, сондай-ақ өндірістің дамуын тежеп отырған кедергілерді анықтау жоспарланған.
Сонымен қатар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының алаңдарында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдерімен кездесулер өтеді. Онда QazIndustry қызметінің негізгі бағыттары мен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары таныстырылып, өзекті мәселелерді анықтау мақсатында кәсіпорындарға сауалнама жүргізіледі.
Сапар қорытындысы бойынша жиналған материалдар мен ұсыныстар мемлекеттік өнеркәсіп саясатының құралдарын жетілдіру және отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар дайындау кезінде пайдаланылатын болады.
Барлық сұрақтар бойынша +7 705 761 9361 WhatsApp нөміріне хабарласыңыздар.
