Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жұмысы түсіндірілді

QazTrade Academy мен QazIndustry Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің қызметіне қатысты оқыту онлайн-семинарын өткізді. Семинарға тауар өндіруші компаниялардың 70-ке жуық өкілі қатысты.

QazIndustry өкілдері Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жұмыс істеу тетіктері мен тауарлар мен тауар өндірушілерге қойылатын талаптар туралы жан-жақты түсініктеме берді. Кездесу барысында Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау дирекциясының мамандары Тізіліммен жұмыс істеудің негізгі кезеңдеріне тоқталды. Олар өтінім беруден және цифрлық верификациядан бастап, өндірісті бағалау, шешім қабылдау және кейінгі мониторингке дейінгі процестерді түсіндірді.

Кездесуге қатысушылар өтінімдерді қарау мерзімдері, өндірістік алаңдардан бейнематериалдарды ұсыну тәртібі және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Еске сала кетейік, Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі индустриялық сертификат пен СТ-KZ нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты толық алмастырған негізгі цифрлық құрал болып табылады. Оның басты мақсаты - отандық өндірушілер мен олар өндіретін тауарларды ашық әрі дұрыс есепке алуды қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық жүйе құру, сондай-ақ өндірістік қызметті объективті бағалау негізінде олардың мәртебесін растау.

QazIndustry отандық тауар өндіруші мәртебесін растау мәселелері бойынша кәсіпорындарға әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осы бағытта арнайы бизнес-қоғамдастық үшін оқыту онлайн-семинарларын ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда.