Астанада «Тұрақты болашақ үшін әлеуметтік инвестициялар» тақырыбында әлеуметтік кәсіпкерлердің халықаралық саммиті өтті. Іс-шараға әлеуметтік кәсіпкерлік саласының өкілдері, инвесторлар, 10 елден және халықаралық ұйымдардан келген сарапшыларды қоса алғанда, 600-ден астам адам қатысты.
Саммит аясында әлеуметтік кәсіпкерлердің Ethnic Heritage Fair этно-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда әлеуметтік кәсіпорындар шығарған қолөнер бұйымдары мен жергілікті өнімдер ұсынылды.
Ethnic Heritage Fair алаңында мемлекеттік және жеке ұйымдар, даму институттары бизнеске арналған өз қызметтерін таныстырды. QazIndustry өкілдері кәсіпкерлерге мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша консультациялар берді. Қатысушылар еңбек өнімділігін арттыруға және өнімдерді ішкі нарықта ілгерілетуге жұмсалған шығындардың 40–50%-на дейін өтеу мүмкіндігі туралы ақпарат алды. Сондай-ақ ақпараттық буклеттер таратылып, іскерлік байланыстар орнатылды.
Айта кетейік, QazIndustry бизнесті қолдауға бағытталған түрлі республикалық және халықаралық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып, өз қызметтері мен мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпарат ұсынады.
