ЕАЭО аясындағы қолданыстағы тетіктер туралы семинарда айтылады

QazIndustry өнеркәсіп пен қаржы ұйымдарының барлық мүдделі өкілдерін 2026 жылғы 25 қыркүйекте ZOOM конференциясы форматында өтетін ЕАЭО аясындағы қолданыстағы тетіктер туралы семинарға қатысуға шақырады. Басталуы – сағат 10:00-де.

Семинар барысында келесі мәселелер талқыланады:

1. ЕАЭО аясындағы кедендік-тарифтік реттеу, қорғаныс шаралары;

2. Мемлекеттік сатып алу мақсатына арналған Еуразиялық тізілім;

3. ЕАЭО аясындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдем көрсету тетігі.

Семинарға қатысу қазақстандық бизнес өкілдеріне ЕАЭО аясындағы қолданыстағы тетіктер мен құралдармен танысып қана қоймай, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өздерін мазалаған сұрақтарды қоюға мүмкіндік береді.

Қатысуға мүдделі болған жағдайда, қосылуға арналған сілтемені алу үшін қатысушылардың кандидатураларын (Аты-жөні, ұйымы, лауазымы) s.bakirov@qazindustry.gov.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.