Дүниежүзілік банк өкілдері QazIndustry салалық сарапшыларымен кездесті

QazIndustry кеңсесінде орталық мамандары Дүниежүзілік банктің өкілдері Гюрхан Мамаклиоглу және Мадалина Прунамен өнеркәсіпті декарбонизациялау мәселелері бойынша кездесуі өтті.

QazIndustry өкілдері делегация мүшелеріне Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ақпарат берді. Алынған деректерді Дүниежүзілік банк сарапшылары өздерінің қазіргі миссиясы аясында климаттық қорлардан бөлінетін қаржыландыруды отандық өнеркәсіпті декарбонизациялауға бағыттап, оны нақты әрі тиімді бөлу үшін пайдалана алады.

Сонымен қатар Дүниежүзілік банк кеңесшілеріне QazIndustry қызметі таныстырылып, институт жұмысының негізгі бағыттары, оның ішінде салалық сараптама жүргізу бойынша атқаратын қызметтері туралы айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша банк өкілдері QazIndustry-ді салалық сараптама мен талдаудың жетекші көздерінің бірі ретінде жоғары бағалап, институттың Қазақстан өнеркәсібін дамытуға жәрдемдесу бағытындағы жұмысының маңызын атап өтті.