Құрметті машина жасау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
QazIndustry атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Машина жасаушы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Машина жасау – еліміздің индустриялық қуаты мен технологиялық тәуелсіздігінің негізі. Бүгінде сала сенімді әрі қарқынды өсім көрсетіп, өңдеу өнеркәсібінің ең серпінді бағыттарының біріне айналды.
Бұл – сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіздің, жоғары кәсіби біліктіліктеріңіздің және істеріңізге деген адалдықтарыңыздың жемісі. Сіздердің арқаларыңызда елімізде жаңа зауыттар бой көтеріп, жоғары технологиялық өнімдер шығарылуда, мыңдаған жұмыс орындары құрылуда.
Отандық машина жасауды дамытуға қосқан зор үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіре отырып, сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
