Жаңа қызметкерлер үшін дәріс өткізілді

QazIndustry Комплаенс-қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша кезекті дәрістік сабақ өткізді. Бұл жолы тыңдармандар қатарына жаңа қызметкерлер қосылды.

Дәріс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлық саясаты департаменті бекіткен 2026 жылғы № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» Үлгілік базалық бағытының Нұсқаулығы талаптарын орындау мақсатында компанияның тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шаралары аясында ұйымдастырылды.

Комплаенс-қызмет басшысы Қанат Макуш атап өткендей, дәрістің басты мақсаты – жаңа мамандарды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарымен таныстыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.