QazIndustry өкілдері Қарағанды қаласындағы «AltynArna Geosynthetics» ЖШС өндірістік алаңына барды. Жұмыс сапарына Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау дирекциясы және Елішілік құндылықты дамыту дирекциясының мамандары қатысты.
Іс-сапардың мақсаты кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерімен, қолданылатын технологияларымен және шығаратын өнімдерімен танысу, сондай-ақ компанияның өзекті мәселелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылау болды.
AltynArna Geosynthetics өнеркәсіптік, жол және гидротехникалық құрылысқа арналған полимерлік материалдар өндіреді. Кәсіпорын жоғары тығыздықтағы полиэтилен парақтарын, полипропилен парақтарын және HDPE геомембраналарын шығарады. Өндіріс бастапқы полимерлік шикізатты пайдалану арқылы жүзеге асырылады және өнімді дайындаудың барлық кезеңінде сапаны бақылауды қамтиды.
Сапар барысында QazIndustry сарапшылары өндірістік процестермен және кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Компания басшылығымен өткен жұмыс кездесуінде өндірісті дамытудың перспективалы бағыттары мен оларды іске асырудың ықтимал жолдары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өндірілетін өнімді нарықта ілгерілету мақсатында әлеуетті тапсырыс берушілермен іскерлік байланыстар орнату бойынша одан арғы қадамдар мен өзара іс-қимыл бағыттарын айқындады.
Айта кетейік, QazIndustry отандық тауар өндірушілерді дамытуға және кәсіпорындар мен тапсырыс берушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар жасасуға жәрдемдесу бағытындағы жұмыстарды жүргізеді. Өңірлердегі кәсіпорындарға осындай көшпелі сапарлар іскерлік байланыстар орнатуға және компаниялардың өндірістік әлеуеті туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
